15:16, 19 Маусым 2009
Алматы өңірлік қаржы орталығының Ақпараттық білім беру орталығында ашық есік күні өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) Ақпараттық білім беру орталығында ашық есік күні өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол «Алматы өңірлік қаржы орталығы» АҚ мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өткізілуде. Оған Сауда-өнеркәсіп палатасының серіктестері шақырылып отыр. АӨҚО-ның Ақпараттық білім беру орталығындағы бұл шара кезінде ҚР Қаржы нарығына қатысушылардың көрмелері ұйымдастырлып, қаржы ұйымдарының өкілдері мен өзге де қатысушылардың сауалдарына қаржы нарығын реттеушілері жауап бермек. Алдағы уақытта мұндай ашық есік күндері Астана, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында жалғасады деп жоспарланып отыр.