Алматы орталығында ыстық су құбыры жарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қонаев көшесінің бойында ыстық су құбыры жарылып, бір автокөлікті су басты.

«Алматы қаласының «Жылуэнергиякешені» кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гириннің айтуынша, құбыр жарылысы бүгін түске жақын, шамамен 11.00-де орын алған. Оған гидравликалық сынақтардың жүргізілуі себеп болды. Құбырдағы қысым көп болмаған. Адамдар арасында зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бірақ, екі автокөлік зақымданды.

Қазір, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.