деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консульдігінің ұйымдастыруымен ашылған фотокөрмеде Қытай фотосуреттер мұрағаты мен жеке суреттер қоры ұсынған ҚХР-ның 60 жылдық тарихының негізгі кезеңдерін бейнелейтін 60 фотосурет іріктеліп, көрермендер назарына қойылған.
Соңғы 30 жылда Қытай экономикасы басқарудың орталықтандырылған жүйесінен нарықтық экономикаға бетбұрыс жасады. Бұл бетбұрыс халықтың материалдық әл-ауқатын жақсартып, рухани өміріне де игі ықпалын тигізді. Осы қадамның арқасында қытайлардың өмір салттары, өмірлік ұстанымдары да едәуір дәрежеге өзгерді.
Қытай елі осыдан 60 жыл бұрын ұзаққа созылған және табанды күрестің нәтижесінде ұлттық тәуелсіздік пен азаттыққа қол жеткізді. Еркіндік аңсаған халық 1949 жылы жаңа сипаттағы халық республикасының іргетасын көтерді. Жаңа Қытай 1949 және 1978 жылдар кезеңінде елді дамытуда тамаша табыстарға қол жеткізді. Ірі қайраткер Мао Цзе Дун бастаған реформатор ел тарихында мемлекет экономикасының, мәдениеттің, жалпы барлық салада қарыштап дамуына тың серпін берді. Бүгінде аспан асты ел халқының саны 1 млрд. 300 миллионға жеткен қытайлықтар сыртқы әлемге ашықтық сара саясат жолымен нық басып келеді.
Көрме 14-ші қазанға дейін жалғасады.