«Алматы-Өскемен» автожолында қар құрсауында қалған 3 жүк көлігі көмек күтуде - ТЖМ

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 42 адам құтқарылды, үш жүк көлігінің жүргізушілері көмек күтуде,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Ведомствоның таратқан мәліметіне сәйкес, автокөліктер «Алматы-Өскемен» автожолының Сартымбет-Қалбатау учаскесінде (40-110-шы шақырым аралығы) қалып қойған.

Сондай-ақ өткен түні құтқарушылар, Тарбағатай ауданы Қызылкесек елді мекенін басып өтетін күрежолдың бойынан қар құрсауынан 30 адамды алып шықты.

Төтенше жағдай орнында ҚР ТЖМ «Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеді.