Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
Оның айтуынша, 16 қараша түнгі сағат 22.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырым арылығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған.
Бұл - Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының арасындағы учаске.
Оған себеп - қарлы боран, жолда ештеңе көрінбейді.