3 жолаушы зардап шекті, олар түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сол күні Өскеменде Әуезов даңғылында шағын мокиктің (мотоциклдің бір түрі) мас жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, алда тұрған «Тойота-Матрике» көлігіне соғылды. Шағын мокиктің жүргізушісі зардап шекті.
Жол полициясынан хабарлағандай, өткен 9 айда облыс жолдарында көліктердің аударылуының 128 оқиғасы тіркелді, оларда 44 адам көз жұмып, 149-ы жарақаттанды.
Полицияда нақтылағандай, жол-көлік апатының бұл түрі жалпы санның 17 пайызын құрайды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көліктердің аударылуының саны 3,2 пайызға артқаны байқалып отыр.