деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше, шілденің 12-сінде таңғы сағат 5-терде Алматы-Өскемен тас жолының 530-шы шақырымында «Тойота» және «Мерседес» көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Тойота» көлігінің жүргізушісі мен «Мерседестің» тағы бір жолаушысы ауруханаға түсті.