ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Алматы-Өскемен» тасжолында қарлы боранның салдарынан 35 көлік жолда қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«3 ақпан күні қас қарайған шақта жол көрінбей кеткендіктен «Алматы-Өскемен» тасжолының учаскелерін жабу жұмыстары жүргізілді. Абырой болғанда, құтқарушылар Жарма ауданына таяу жерде қалың қар мен бұрқасыннан жолда қалған 35 көлікті байқап қалған. Оның ішінде 1 автобус болған», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Таңертең арнайы техника белгіленген аумақты тазалап, жолды ашып берді. Жарма ауданының құтқарушылары көліктермен ілесіп отырып, біраз жерге дейін шығарып салған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.