Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметіке сәйкес, алдағы тәуліктерде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде сел қалыптасуы мүмкін. Өйткені онда жауын-шашынның мөлшері көп.
«Қазіргі уақытта мореналық көлдерінде алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. Аса қауіпті мореналдық 6 көлде су түсіру жұмыстары жүргізілүде. Қазселденқорғаудың барлық бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде күшейтілген және бақылаудың жеделдетілген режиміне көшті»,- дейді «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов.