Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда 27-28 тамыз аралығында нөсер жаңбыр жауады. Соның салдарынан өзендер арнасынан тасуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап ауа райына қатысты дауылды ескерту жариялады.

«27-28 тамыз аралығында Алматы қаласының іргелес аумақтарына нөсер жаңбырдың жауады деген болжамға байланысты, су деңгейлерінің көтерілуі және тау бөктерінен келетін су ағыны қалыптасуы мүмкін», - делінген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.