«Әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады. Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. Қаланың жылу энергиясы кешендері жұмысқа 100% дайын», - деді басқармадан.
Басқарма басшысы бұған дейін биыл жылу ақысы қымбаттамайтынын хабарлаған болатын.
Қалада биыл 12 шақырым жылу желісі, 23 шақырым электр желісі, 283 шақырым су құбыры мен 267 шақырым кәріз желісі қайта жасалды.