деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция жұмысына қатысып жатқан 40-тан аса педиатрлар жедел ішек инфекцияларын емдеудің қазіргі заманғы тәсілдеріне қатысты мәселелерді талқылауда.
Конференция барысында, іш өту балалардың денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін, бұл ауру көп жағдайда балалардың ішек қызметі бұзылуының негізгі белгілерінің бірі және оның қоздырғышы ауру тудыратын микробтар, сонымен қатар, диета мен тамақтану режімінің бұзылуы себеп болып жатыр деп атап өтілді. Қатысушылардың айтуынша, Еуропада іш өту жағдайының жиілігі үш жастан төменгі балалар арасында жылына бір балаға шаққанда 0,5-тен 1,9 аралығында. Ал, Қазақстанда 2010 жылдың қаңтар айы мен мамыр айлары аралығында бес жасқа дейінгі балалардың жедел ішек инфекция ауруының 11 257 жағдайы тіркелген.
"Іш өту, диарея кезіндегі сұйықтық және тіршілік үшін маңызды микроэлементтердің жоғалуы салдарынан болатын ішек қызметінің бұзылуы бала денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда емшек жасындағы бүлдіршіндер мен төменгі жастағы балалардың тамақтануын, оның ішінде жедел ішек инфекцияларын емдеу кезіндегі тамақтануын оңтайландыру мәселесі өзекті болып отыр. Іш өту кезінде организм жоғалтқан қажетті су мен тұзды қалпына келтірудің жалпыға бірдей әдістерімен қатар, бүгінгі таңда тиімділігі жоғары препараттар бар. Мәселен, бұл балалар тағамын өндіруші HIPP компаниясының ОРС -200 деп аталатын сәбіз бен күріш қайнатындысы", деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ыдырысова.
Оның айтуынша, бұл препараттағы қажетті натрий мен калий және су, ішектің шырышты қабатын қалпына келтіріп, жойылған құнарлы заттар мен уызды толтырады. "Бұл қайнатынды Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде пайдаланудың оң тәжірибесіне ие", деп атап өтті Раушан Ыдырысова.
Қазақстанға аталмыш конференцияға арнайы келген HIPP компаниясының Бас директоры Стефан Хипп "Біздің жұмыс бағытымыздың негізгісі балалар тағамын шығару болғандықтан, өнімдерді шығару кезінде компания тек экологиялық таза шикізат қолданады. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсірілген шикізатты жүйелі пайдалану, бізді әлемдегі экологиялық таза шикізат өңдейтін ірі кәсіпорынға айналдырды және балалар тағамының "органикалық" сапасы саласында серпіліс жасауға көмектесті. Қазақстанда және Орталық Азия 12 жыл бойы табиғатпен үйлесімді жоғары сапалы өнім ұсынып келе жатқанымызға қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз сіздердің сенімдеріңізге лайықты болу. Менің ойымша, өткен жылы Қазақстанда өткен балалар тағамы байқауында біздің компанияның бес аталым бойынша жеңімпаз атанғандын сіздердің сенімдеріңізге лайықты болғандығы деп білемін", деді ол.
Оның айтуынша, компания Германияда нарықтың 45 пайызын, Австрияда 70 пайызды құрайды, ал Еуропа елдерінде компания балалар тағамын өндіру бойынша көшбасшы және ол нарықтың 12 пайызына ие.