Қалалық аталған басқарма аудандық әкімдіктер, СЭС өкілдері 10 желтоқсаннан бастап, аулаларда қарды тазалау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын бақылаған болатын.
Рейд нәтижесінде 10 желтоқсанда қаладағы 27 ПИК-ке 301876 теңге көлемінде, 11 желтоқсанда 24 ПИК ұжымына 279 652 сомасында айыппұл салынды.
Енді осы екі күн ішінде аула арасындағы қарды тазалауда белсенділік танытпаған қалалық ПИК-тер жарты миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 7-сінен 8-іне дейін үздіксіз жауған қар Алматыны біраз әбігерге салған болатын. «Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, таулы аймақтарда түскен қардың қалыңдығы 60 см-те жетсе, ойпатты жерлерде 34-41 см-ге жетті.