Алматылық полицейлер алдағы уақытта самокат мініп жүруі мүмкін. Қазір пилоттық жоба мегаполистің бір ауданда жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жаңашылдық сынақ түрінде Медеу ауданында енгізілді.
«Самокат мінген бірнеше мобильді топ тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мегаполистегі саябақтарда кезекшілік етуде», - деп хабарлады полициядан.
Ведомстводан мәлім еткендей, жыл басынан бері Алматыда самокат мінгендер жасаған жеті мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді. Бұған дейін олар жол қозғалысына қатысушылар сияқты жазаланса, қазір жүргізушілер ретінде жауапқа тартылады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.