«Ол мас күйінде өмірмен есеп айырысуға бел байлапты. Бірақ одан бұрын қоштасу үшін туыстары мен таныстарына хабарласқан. Бірінші болып оның досы 102 нөміріне қоңырау шалған. Суицидке бел байлаған адамның пәтер есігі құлыптаулы болды. Полиция оны амалсыз бұзып кірді. Олар үйге кіргенде жылыту радиаторына асылып тұрған ер адамды көріп, дереу шешіп алған. Ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, дереу сыртқа шығарылып, жедел жәрдем шақырдық», - деп мәлім етті Шұғыла Тұрлыбек.
Қоса кетейік, полиция қызметкерлері өткен аптада бір тәулік ішінде 1 825 қылмыстың бетін ашқан.