Алматы полицейлері тұрақты түрде есірткі сатумен айналысқан әйелді ұстады
16:28, 21 Маусым 2010
АЛМАТЫ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан / - Алматы полицейлері есірткі сатумен тұрақты айналысқан 46 жастағы әйелді ұстады. Ол бұған дейін де есірткі сатқандығы үшін алты рет сотталған болып шықты.
Ұсталған әйел «бұл менің жалғыз күнкөріс кәсібім болғандықтан, түрмеден босаған сайын қайтадан есірткі сатумен айналысуға мәжбүр болдым», деп түсіндірген өз кінәсін.
"Саудагер сатып алушыларына кезекті кездесуге барғанда героинмен қоса үш чек алып барған. Әр пакетін бес мың теңгеге бағалаған. Ол осы ақшаны алу барысында қолға түсті. Ұстау кезінде күдікті еш қарсылық көрсетпеді. Ал, оның туыстары мен таныстары тексеру жұмыстарына кедергі жасамақ болды", деді арнайы операция жұмысы жайында айтқан Алматы қаласы ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес Басқармасының бастығы Денис Лоскутов.