Полиция департаментініңақпаратына сәйкес, мегаполисте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету форматы өзгерді.Бұдан былай, сыртқы қызметтер тұрғын үй аулалары мен қоғамдық орындарға жітібақылау жүргізеді.
«Әр аудандағыбарынша криминалдық учаскелер мен қылмыс болатын жерлер уақыт, күн, аптабойынша сарапталды. Жаяу және автоэкипаж нарядтары енді көпқабатты үйдердіңаулаларын да қадағалайтын болады», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментініңбасшысы Серік Күдебаев.
Алғашқы ауысымөздеріне тапсырылған учаскедегі тәртіпті сағат 08.00-16.00 аралығында, екіншісісағат 16.00-00.00-ге дейін, ал үшінші кезек 00.00-08.00 аралығында қадағалайды.Әрбір криминалдық учаскеге қатысты аулаларды түгел қамтитын жеке бағыттарбелгіленді. Мұнда жаяу патрульдеудің уақыты, бағыты көрсетілген.
Қылмыстың алдыналуға қатысты кешенді шараларды жүргізудің нәтижесінде қоғамдық орындардажасалатын қылмыс деңгейі 25,4%, көшелердегі қылмыс 30,7% төмендеген.
«Сонымен қатарәкімшілік тәртіп бұзушылыққа «нөлдік төзімдік» принципі қалыптасуда. 111мыңнан астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталды, айыппұл сомасы 979 млнтеңгеден астам. Қала полициясы жүргізіп жатқан ескерту шаралары құқықтық тәртіппен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауғаықпал ететін болады», - деп атап өтті С. Күдебаев.