Алматы полициясы 27 жастағы тонаушыны ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 27 жастағы тонаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының тумасы көшедегі адамдарды тонап, дүкендерге де қарақшылық шабуыл жасап келген. Әзірге 2 адам полицияға шағымданып үлгерген.

«Күдікті азамат дүкенді тонап, кассадағы ақшаны қолды қылған. Сондай-ақ, көшедегі адамнан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қалалық полиция кешенді жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктіні  ұстады. Оның бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.

Қалалық полиция ер адамның іс-әрекетінен жапа шеккен адамдар болса,

254-46-01, 254-4603,  254-46-12 телефондарына хабарласуды сұрайды.