Алматы полициясы Алатау ауданындағы ең қауіпті жерлерді атады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы Алатау ауданындағы ең қауіпті жерлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау ауданында қылмыс жиі болатын 7 патрульбағдары бар. №1 бағдар: Райымбек д. – Емцов – Петров көшелері – Алматы өзенініңжағасы. №2 бағдар: Остроухов – Шадрин – Федченко – Водник көшелерінен тұратынквадрат. №3 бағдар: Емцов – Петров – Бартоғай – Рысқұлов көшелерінің квадраты»,- дейді полицейлер.

Бұдан басқа, №4 бағдар: Солтүстік айналма жол– ҮАК – Жапсарбаев – Жұмабаев көшелерінің аралығы, сондай-ақ №78/1, 36 Б,118/4, 92/7 үйлердің маңы; №5 бағдар: М.Әуезов - Хасан Оралтай – Шағанкөшелерінің аралығы, Өжет шағын ауданы; №6 бағдар: Саялы шағын ауданы, №1, 15,26, 157 үйлердің маңы; №7 бағдар: Басар қобыз – Бенберин – Татулық – Заречнаякөшелерінің аралығы, Көкқайнар шағын ауданы.

Тәуліктің «қауіпті» уақыттары да аталды.Полицейлердің айтуынша 08.00-16.00 аралығында – 68 қылмыс; 16:00-00:00 аралығында– 86 қылмыс; 00:00-08:00 аралығында – 91 қылмыс болған.

Апта күндеріне шаққанда: дүйсенбіден жұмағадейін - 59 қылмыс; сенбі-жексенбі күндері 45 қылмыс тіркелген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындабірінші ауысымда, сағат таңғы сегізден 16:00-ге шейін - 40 қызметкер; екіншіауысымда, 16:00-00:00 аралығында - 128 қызметкер; 00:00-00:08 аралығында - 4автоэкипаж жұмылдырылған.

Авторы Данияр Дәуітәлиев