АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасында музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жарияланғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 1986 жылы 18 наурызда туған Әшіғалиев Бауыржан Жәнібекұлына іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: қамауға алу»,- деп жазды Рустам Абдрахманов.
Сондай-ақ ол Әшіғалиевке қатысты қандай да бір мәліметке ие азаматтардан 7 701 758 67 60, 7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады.
Еске салсақ, 2019 жылы әншінің әйелі Ксения Әшіғалиева күйеуі оны өлтірмек болғанын айтқан болатын.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.