Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бейнежазба WhatsApp желісінде тарала бастаған.
Бейнекадрда екі жігіт жол шетіндегі арықтың бетіндегі шойын тордың үстінен секіріп, аяғымен сындыра бастаған.
«Бұлай жасауға мүлде тыйым салынған. Қисайған арық торының кесірінен қаншама апат болып жатыр. Адамдар шұңқырға түсіп кетуі мүмкін. Бұл салық төлеушілердің ақшасын құрту. Бұл басбұзарлар міндетті түрде ұсталып, оларға қарсы жаза қолданылатын болады», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.