деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қолға түскен азаматша денсаулық сақтау саласында өзінің таныстары барлығын айып, «көмек» қызметін ұсынған. Өз қызметін ол аурудың ауыр, жеңілдігіне қарай бағалап отырған.
«Соңғы жәбірленушіден неврология бойынша ота жасауға көмектесетінін айтып, 120 мың теңге, 3 алтын бұйымын алған. Алаяқ айғақты заттармен қолға түсті. Оны ұстау шарасы ауруханалардың бірінде жүзеге асырылды», дейді Әуезов аудандық ІІБ-ның бастығы Әбілғазы Төлепбергенов. 39 жасар күдікті бұған дейін алаяқтығы үшін 3 рет сотталған болып шықты. «Ұсталған әйелдің өзі қылмыстық жолмен жан бағып жүргенін мойындап отыр. Тексеру кезінде ол Медеу ауданы аумағында осыған ұқсас тағы бір қылмысты жасағанын айтқан. Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», дейді Ә.Төлепбергенов. Оның айтуынша, ұсталған азаматша Алматыға Жамбыл облысының Қордай ауданынан келген. Оның ата-анасының бағуында 2 жас баласы бар көрінеді.