Алматы полициясы ер адамның «Риксос» қонақүйінің шатырынан құлап кеткенін растады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек ер адамның Риксос қонақүйінің шатырынан құлап кеткенін растады.

«Тергеуге Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері кірісті. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды», - деді С.Әзірбек.

Оның айтуынша, мерт болған 1976 жылы туған жалдамалы жұмысшы екен.