Алматы полициясы қалта ұрыларының суреттерін жариялады

Фото: None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматы полициясы ұрлық жасамаса тұра алмайтын сұғанақтардың суреттерін жариялады. Олардың арасында Рессей азаматшалары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыполициясының мәліметіне сәйкес, мегополисте үстіміздегі жылдың 1-11 тамызаралығында 19 қылмыс жасаған, 18 қалта ұрысы ұсталды.Олардың барлығы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілерарасында Ресей Федерациясының екі азаматшасы бар. Балқаш, Тараз жәнеҚазақстанның басқа да аймақтарынан келгендер жетерлік. Тәжірибе көрсеткендей, ұрлықнегізінен қоғамдық көліктерде және халықкөп шоғырланған жерде жиі орын алады. Сондықтан меншік қауіпсіздік шараларынсақтап, қалта ұрыларынан сақ болу өте маңызды», - дейді Алматы қалалық ПДкриминалдық полиция басқармасы.

Алматыда үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қалтаұрлығы 3,4 есеге азайды.

Соңғы жаңалықтар