деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыздың 6-8 аралығында өтетін шараның басталуына орай, бүгін тәртіп сақшыларының таңертеңгі сапқа тұру жиыны өтті. Бұған полицияның ерікті көмекшілері мен күзет агенттіктерінің қызметкерлері де қатысты. Аталған шараға жалпы саны 2,5 мың құқық қорғау қызметкерлері мен 300 автотехника қатыстырылады. Сондай-ақ 400 жаяу шолғыншылық бағыттары жасалған. Бұған жеке құрамнан 1 мың адам қатысады. «Шараға қатысатын полицияның барлық қызметтері заманауи техникамен жабдықталған. Сондақтан барлық қылмыстың алдын-алуға мүмкіндік бар дейді», қалалық ІІД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров. Оның айтуынша, қылмыстың басым бөлігі сырттан келетіндердің қолымен жасалатындықтан, шара барысында көші-қон полициясы арнайы жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Шара барысында қала аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін 7 бақылау постылары орнатылады.