Аталған қылмыстық іс Әуезов аудандық ІІБ тергеу бөлімінің қарауында жатыр.
Базарлардың бірінен шығып келе жатқан әйел жол шетінде тоңып тұрған жас жігітті аяп, көлігіне отырғызып алған.
Жол үстінде оның қасына тағы бір ер адам отырған. Бірнеше минуттан соң екеуі әйелге пышақ кезеніп қорқытып, 420 000 теңгесі мен Huawei маркалы ұялы телефонын тартып алған. Іздестіру парағы kris_p_almaty паблигінде жарияланды.
Қазір бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктілердің кім екендігі анықталды.
Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 18, 2018 at 11:18 PST