Алматы полициясы «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінді

Фото: None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметіше, зардап шеккендердің ұжымдық өтініштері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.Толықтылық,объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып,процессуалдық шешім қабылданады.

«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Алматы қаласы ПД ҚБ-не өтініш беру немесе 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797 телефондарына қоңыраулары қажет», - деп хабарлады полициядан.