АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда самокат мінген жалаңаш қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда түнгі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында жас қыз бен жігіт самокат тепті.
Олардың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
«Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған өрескел деректі тексеріп жатыр. Өрескел құқықбұзушылар міндетті түрде анықталып, заңға сәйкес жазаланады», - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.