Алматы полициясы террористік тұрғыдан осал нысандарды тексерді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік қауіпі жоғары нысандарды тексеруді қолға алды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мегополисаумағындағы терроризм тұрғысынан қауіп төндіретін осал нысандарды үнемі бақылауда ұстаймыз. Қалада 9 мобильдіаудандық және бір қалалық топ бар. Біздің бүгінгі кездесуіміз тұтыну тауарларынсататын ең ірі сауда желілерінің бірінде өтті. Адамдар көп жиналатын жердітексеру ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысыменбекітілген.Тексеру кезінде нысандардың инженерлік-техникалық беріктігіне, ескертужүйелеріне, дабылдардың жұмысына, бейнебақылау камераларының жабдықталуына, эвакуацияжолдарының болуына ерекше назар аударылады. Осылайша, нысандардаадамдардың қауіпсіздігі тиісті деңгейдеболуы керек»,-деді Алматы қадлалық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасыныңбастығы Еркін Інкәров.

Тексеруденкейін, полиция қызметкерлері сауда орындарының 30-дан астам директорын жинап,оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, осы сала жұмысшыларына қауіп-қатерлерден қалай қорғануғаболатыны туралы бейнеролик көрсетілді.

«Террористіктұрғыдан осал нысандардың әрбірқызметкері террористік қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмін білуікерек. Мәселен, күдікті зат табылған кезде оны ұстауға, жылжытуға, кез-келгеннәрсемен жабуға қатаң тыйым салынады. Мұныістеу үшін Сіз тиісті қалалық қызметтерге хабарлауыңыз керек. Саудаорталықтарының басшыларына терроризмнен қорғау талаптарын сақтамағаны үшінәкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді полковник Е.Іңкәров.

Соңғы жаңалықтар