Полицияға берген жауабында жұмысшылар ғимарат иесінің ағаш кесуге рұқсат қағазы бар деп алдағанын айтқан.
«Ғимарат иесі шетелде болғандықтан, оның қаладағы өкілі ұсталды. Енді оған қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр», - деді әкімдіктен.
Айта кету керек, бүгін Жібек Жолы, 104 мекенжайындағы ғимарат иесі 4 жапырақтұқымдас ағашты заңсыз кесіп тастағанын хабарлаған болатынбыз.