Бұл оқиғаның видеосы Инстаграм желісінде тарап жатыр. Оқыс оқиға Түрксіб ауданында болған. Бейнекадрда Синойл жанармай стансасы жанында полиция көліктерінің тұрғаны түсірілген.
Кадр сыртындағы дауыс тауар таситын жүргізуші мен экспедиторды біреу өлтіріп кеткені туралы айтады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтірілді деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл оқиға бірнеше күн бұрын болған. Адам өлімі болған жоқ. Жанармай құю стансасын біреулер тонамақ болған», - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция оқыс оқиғаға қатысты ақпаратты кейінірек жариялайтын болады.