Алматы полициясы журналисті тонау оқиғасын тергеуге алды
Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, аталған іске қатысты ҚР ҚК 191-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасында жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасы мамандары енді. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған күдіктіні анықтау және қолға түсіру жұмыстары бойынша кешенді арнайы жедел шаралар жүрзігіліп жатыр. Нәтижесі бойынша қосымша хабарлаймыз», - деді ол.
Айта кетейік, оқиға туралы Медникова Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
Ол өзінің үйінің жанында біреулердің тонап кеткенін жазды.
«Маған үйімнің жанында тап берді. Ер адам жерге сүйреп, тізелерімді қан-жоса етті. Көлікке ұрып, сөмкемді алып қашты. Жылап отырмын, тоқтай алар емеспін. Бүгін түнде Атыраудағы Zhascamp-қа ұшқалы жатыр едім. Маған шабуылдаған адам жалғыз емес, оны аулада қара Тойота көлігінде тағы біреу күтіп отырды. Ұрыға қарсы жүгіріп шықты да, мені көріп көлігіне кіріп кетті. Мен одан көмек сұрап едім, полицияға телефон соғуға бірлігі жоқ екенін айтып, кетіп қалды. Көлік нөмірін жазып алдым. Ол тек мені аңдып жүрген. «ZhasCampa?!» біреулерге ұнамайды ма сонда?», - деп жазды Медникова.
Ол болған оқиғаға қарамастан Атырауға ұшып кеткенін де жазды.