Алматы қаласының прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің 94-бабына сәйкес, егер қорғаушы бұрын іске куә ретінде қатысқан болса, қылмыстық процеске қатыса алмайтынын мәлім етті.
«И.Иманбай Алматы қаласы Полиция департаментінде тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша қорғаушы мәртебесіне ие болған. Ал прокуратурада қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер мәртебесіне ие. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Осыған байланысты заң нормаларын басшылыққа ала отырып, И.Иманбай қорғаушы мәртебесінен айырылады. Ол осы шешімге белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы»,- деп хабарлады ведомстводан.
Прокуратура өкілдері, И.Иманбай жұбайы ретінде кездесулер алу үшін тергеушіге жүгінуге құқылы екенін атап өтті.