АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бизнесті қорғау шаралары аясында Алматы қаласының прокурорлары 70-тен астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматының 48 кәсіпкері салық есебін ұсынбағаны үшін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 23 кәсіпкердің салық төлеушіге банк шоты бойынша шығыс операциялары негізсіз тоқтатылды» деп хабарлады прокуратурадан
Уәкілетті органдардың бұл заңсыз шешімінің күшін Түрксіб және Бостандық аудандарының прокурорлары жойды, өйткені салық есебі мерзімінен бұрын беріліп, салық берешегі өтелді.
Кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.