деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 қаңтар күні кешкісін полицейлерге Сүйінбай даңғылы бойындағы бір үйдің пәтерінде оң жақ бiлегінен пышақ жарақатын алып, қастандықпен өлтірілген жiгiттiң мәйiті жатыр деген ақпарат келген.
Бiрнеше минуттан кейін қылмыс болған жерде шолғыншы полицей экипажы мен Жетiсу ауданының IIБ жедел тергеу тобы жұмыс iстеуге кірісті. Сақшылар марқұмның кім екенін анықтау барысында оның маңғыстаулық 1976 жылы туған Б. деген азамат екенін білді. Сарапшылардың қорытындысы бойынша жігіт көп қан жоғалтудың нәтижесінде қаза тапқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиғадан бұрын сол пәтерден айқай-шу шыққан. Еркектер дауыс көтере дауласқан. Сезікті жайында мағлұмат алған полицейлер жақын маңды тексеруге кіріседі.
Көп ұзамай іздестіру жұмыстары нәтиже бере бастайды. Қылмыс болған жерге жақын аумақта қолына, киімдеріне қан жұққан сезікті жігіт байқалған. Сақшыларды көре салысымен жігіт қаша жөнеледі, бірақ ол ұзаққа бармады. Оның жеке заттарын тексеру барысында пышақ табылған. Қылмыскердің айтуынша, сол кеште олар арақ ішіп, араларында дау туындайды, арты төбелеске ұласады.
Белгілі болғандай, құрықталған 22 жасар Д. деген азамат бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған. Жетісу ауданының ІІБ-сы оның үстінен адам өлтірді деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.