Алматы салық органдары 49 жастағы ер адамға халықаралық іздеу жариялады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда салық органдары 49 жастағы ер адамға халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тумасы Сыдықов Бағлан ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлімі бойынша айыпталып отыр.

Экономикалық тексеру қызметінің хабарлауынша, ол счет-фактурада көрсетілген қызметтерді іс жүзінде көрсетпеген. Атап айтқанда, 10 000 АЕК, яғни 24 000 000 теңгеден аса қаржыны қымқырған. Осы қылмысқа байланысты Сыдықов Бағланға халықаралық іздеу жарияланды.

Салық органдары Сыдықов Бағлан туралы мәлімет білетін адамдар болса, 8 (727) 299-50-72, 8702-958-89-99, 8777-090-10-22, 8 (727) 279-29-56, 279-35-40 телефондарына хабарласуын сұрайды.