Алматы саудагерлерінің төрттен бірі өз табыстарын жасырып қалуға тырысады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы базарындағы саудагерлердің төрттен бірі өздерінің нақты табысын бүгіп қалуға тырысады. Аталған мәселе қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінде болған семинар барысында тілге тиек етілді.

Алқалы жиынға қатысқан ШОБ өкілдері, саудагерлер Департамент сарапшыларымен қаржылық есеп беру мәселесін талқылады.

Олардың айтуынша, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында келтірілген деректен мәлім болғандай Алматы базарлары мен сауда үйлерінде «нәпақасын» тауып жүрген 19 мың кәсіпкерлердің 5 мыңы өздерінің шынайы табысын көрсетпеген. Қара базар саудагерлері фискалды чек пен тауарға жөнелтпе құжаттарын бермей ҚР Салық туралы заңнамасын бұзып отыр.

Қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары осы заңбұзушылықтың алдын-алу үшін саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шықпақшы.

Салықтық мәдениетін арттыруға құлқы жоқ кәсіпкерлерге қатысты қатаң шара қабылданады.

Соңғы жаңалықтар