"Алматы" сауықтыру курортының құрылысын қазақстандық құрылысшылар салды

Ы. Қазанның 12-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Құрылысы аяқталған бұл кешендегі құрылысшылардың 92 пайызын қазақстандық азаматтар құрады. Оны "АТА STROY" компаниясының президенті Таха Алтайлы бүгін Алматыдағы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылған "Алматы" сауықтыру СПА курортының тұсаукесерінде айтты.

"Кешендегі құрылысшылардың 8 пайызының жартысы осы жерге Түркиядан келіп үйленген күйеу балаларыңыз. Мұның мәнісі орта есеппен мың адам жұмыспен қамтылғанын ескеретін болсақ бірінші және екінші құрылысшының бәрі де 2 жылдың ішінде отбасын осы жұмыс арқылы тауып отырған. Бұл біз үшін маңызды мәселе", дейді "АТА STROY" компаниясының президенті Таха Алтайлы. "Алматы" сауықтыру СПА курортының бас мердігерінің айтуынша, халықаралық аренада күн сайын мәртебесі көтеріліп жатқан Қазақстанда дүние стандартына сәйкес келетін жаңа кешен құрылып отыр. Жалпы құрылысшылар үшін әрбір жобаның маңызы зор. Олардың салған әрбір ғимараты ертеңгі күнге жетелейді.