Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ойын сауық нысан басшыларының наразылығына қарамастан, Панфилов саябағында тәтті мақта сатушылары сондай ақ, батут және балалар карусельдерінің иелері заңсыз орналасқан.
Медеу ауданы ІІБ нің жергілікті полиция қызметі Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімімен бірге тексеру жасап, заңсыз сауда нүктелерін анықтады. Шара барасында батуттар мен балаларға арналған карусельдер, сондай-ақ, жүгері жасайтын және дәмді мақта жасайтын апараттар тәркіленді. Олар аудан әкімдігінің уақытша сақтау қоймасына тапсырылды», - делінген хабарламада.