«Бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ. Аттракцион өткен жылы Испаниядан сатып алынған. Сертификаты және басқа да құжаттары бар. «Бұқаның» мақсаты - үстіндегі адамды құлату. Аттракцион алғашында баяу жылдамдықпен қозғалады. Кейін тез қимылдайды. Бұл жерде бала сәтсіз құлаған. Бізде негізі әрбір аттракционның алдында ескерту жазылған нұсқаулық бар. Яғни, әрбір ата-ана өз баласын аттракционға жібермес бұрын, оның шама-шарқына көз жеткізіп алуы керек. Бұл аттракционға ереже бойынша балаларды 5 жастан бастап жіберуге болады. Бірақ, біз сақтанып, 7 жастан бастап жібереміз. Ал құлаған баланың жасы 10-да. Біз оның ата-анасымен сөйлестік. Олар бізге кінә тағып отырған жоқ. Балаға қазір ота жасалды. Біз өз тарапымыздан адамгершілік тұрғысында емдеуге кеткен шығынды төлеуді жөн көрдік», - деді В. Калинин.
Айта кетелік, бұл оқиға кеше түстен кейін «Коррида» аттракционында орын алды.