Оны Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен Алматы қаласы демалыс орталықтары бірлесіп ұйымдастырды. Шара республикалық «Бірлігіміз жарасқан» және «Саябақ шеруі» халықаралық акциясы аясында өткізіліп отыр.
«Алматы қаласының тұрғындары үшін қалалық саябақтардың маңызы өте зор. Олар қаламыздың ауасын тазартып қана қоймай, көңіл-күйдің көтерілуіне де себепкер болады. Алдағы уақытта бұл шараның өз жалғасын табуына атсалысатын боламыз», деді Алматы әкімдігінің жастар саясатын дамыту басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен.
Акцияға ұйымдастырушылармен қатар «Жасыл ел» жастар бірлестігі өкілдері де қатысты. Олардың айтуынша, бұл игілікті шараны алдағы тамыз айынан бастап апта сайын өткізіп тұру жоспарланған.