«Алматы-Семей» бағытындағы ұшаққа бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат -   Семейде  ұшақ бортына    бомба   қойылғандығы  туралы   хабар   жалған болып  шықты,

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің   баспасөз қызметінен. 

Кеше,  шілденің 30-ы  күні     сағат  таңғы 9.00-да    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  департаментіне    анонимді  қоңырау  түседі.     Қоңырау шалған  адам  Семей әуежайында,  «Алматы-Семей» бағытындағы   АН-24    ұшағының  бортына   жарылғыш    құрылғының қойылғанын    хабарлайды.    Жүргізілген  арнайы  шаралардың  барысында ешқандай  бомбы табылған жоқ.