Алматы-Сеул рейсінде шу шығарған бойжеткен полицияға тапсырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Сеул бағытындағы КС 960 рейсінде шу шығарған бойжеткен полицияға табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Эйр Астана» әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.

Аталған видео әлеуметтік желілердегі пабликтерде таралып кетті. 

Бейнекадрда бойжеткен бортсерікті балағаттап жатқаны түсірілген. «Эйр Астана» аталған дерекке байланысты түсініктеме берді.

«19-20 қыркүйек аралығында 6 адам бортсерікті балағаттап, олардың тікелей міндетін атқаруына кедергі келтірді. Бортсерік жастарға алкогольді ішімдік беруден бас тартқан. Жолаушы жол бойы бортсерікке былапыт сөз айтып, қорқытып келді. Бойжеткен Алматы әуежайына жеткізілген соң полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деді әуе компаниясынан.