Алматы-Шелек-Қорғас автожолы ашылды
11:37, 06 Қаңтар 2023
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолы автокөліктің барлық түрі үшін ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол«ҰК және»Қазақавтожол«ЖШС Алматы ОФ хабарламасы бойынша 6 қаңтар күні сағат 08:00-дан бастап Республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» (136-243 км) автожолы автокөліктің барлық түрі үшін ашылды.
Еске салайық, «Қазгидромет» РМК 6 қаңтарда Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайтынын хабарлаған еді.
Сондай-ақ, Алматы облысы Бортоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған адамдар эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.