Алматы-Шу учаскесінде билеттер қараша айынан бері сатылмайды
11:03, 06 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы-Шу учаскесі арқылы өтетін жолаушылар пойызына алдын ала билет сату жұмыстары 1-қарашадан бері тоқтап тұр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы-Шу учаскесіндегі екінші бағыттың құрылысы» жобасының бірінші іске қосу кешенінің қызмет ете бастауына және жолаушылар пойыздарының жүру кестесі жоспарының өзгеруіне байланысты 1-қарашадан бастап, Алматы-Шу учаскесі бойынша қатынайтын жолаушылар пойызына жол жүру құжаттарын алдын ала сату тоқтатылған. Біз уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз»,-делінген хабарламады.
Сондай-ақ онда пойыздардың жүру кестесінің өзгерістері туралы қосымша хабарланатындығы айтылған.
Қосымша мәліметтерді темір жол вокзалдарының анықтама бөлімдерінен алуға болады. Сонымен қатар 105 бірыңғай анықтама қызметіне де телефон шалуға болады.