Алматы соттарына алты айда 83 мыңға жуық іс пен арыз түскен

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші жартыжылдықта аудандық және оған теңестірілгенсоттарға азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 82 955 іс пен арыз түсті. Бұл 15 408 іс немесеөткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%», - деді қаланың бас судьясы.

Сонымен қатар, ол қылмыстық істер – 247-ге, азаматтық істер - 14728, әкімшілік істер 433-ке азайғанын айтты.

«Бірінші сатыдағы соттардың статистикалық мәліметтерінесәйкес, ағымдағы жылдың алтыайында соттарға 2588 адамға қатысты 2217 қылмыстық іс түсті. 2523 адамға қатысты 219 іс аяқталды.Үкім шығарумен 1423 адамға қатысты 1120 іс қаралды. Барлығы 98 үкім жойылып,өзгертілді. Жарты жылда ҚРЖоғарғы сотының кассациялық сатысында 4 адамға қатысты үш үкім жойылды, 2018 жылдың дәл осыкезеңінде 9 адамға қатысты алтыүкім жойылған болатын. Яғни, күшін жойған үкімдер 5 есеге азайды, 6 адамға 6үкім өзгертілді, 2018 жылдың осы кезеңінде 54 адамға 40 үкім өзгертілді,өзгертілгендер саны 4,5 есеге азайды. Осы уақыт аралығында Алматы қаласының соттары мен алқа билермүшелері 46 адамға қатысты 30 ақтау үкімін шығарды, 2018 жылдың дәл осыкезеңінде 44 адамға қатысты 35 ақтау үкімі шығарылды», - деді Нұрғазы Әбдіқанов.

Соңғы жаңалықтар