Сонымен, Людмила Бектемірова Алматы қаласы Бостандық ауданының №2-ші аудандық сотының судьясы қызметінен, Біржан Кәрібжанов Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен және Гүлнәр Мейіржанова Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, барлығы Алматы қалалық сотының судьялары болып тағайындалды.
Сонымен қатар, кадрлық өзгерістер қаланың аудандық соттарында да болды. Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының төрағасы қызметіне Қанат Сырлыбаев Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.
Ал, Алматы қалалық сотының судьялары Раушан Қуандықова мен Ләззат Нұрмұханова отставкаға шығуларына байланысты қызметтерінен босатылды.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қараманов салтанатты жағдайда сот ұжымына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыра отырып, оларға еңбектеріне табыстар тіледі. Ал отставкаға шыққан судьяларға сот жүйесіне сіңірген көп жылғы еңбектері үшін рахмет айтып, ризашылығын білдірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы мамыр айының 31 жұлдызындағы Жарлығына сәйкес, судьялар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті.