Іс бойынша алдын ала тыңдау 20-шы желтоқсанға белгіленді. Күдіктілерге ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша айып тағылып отыр.
Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында Райымбек және Абылай хан көшелері қиылысындағы үй ауласында тұрған қоқыс жәшігінен адамның бөлшектелген дене мүшелері табылған. Күдіктілер бірнеше күн өткеннен кейін Байқоңырдан ұсталды.
12:39, 20 Желтоқсан 2016
Алматы сотына адамды бөлшектеп өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына адамды бөлшектеп өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат.