АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбековты күзетте ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, биыл сәуір айында «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков 15 маусымға дейін қамауға алынған болатын.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.