деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және соғыста қаза болғандардың отбасы мен оларға дәрежесі теңестірілген өзге де тұлғаларға жәрдем көрсету бастамасына қолдау болмақ. Акцияға «Алматы су холдингіне» қарасты «Бастау», «Тоспа су», «Су желісі» кәсіпорындарының 2913 қызметкері қатысты. Онда олар бірауыздан Жеңістің 65 жылдығы мерекесі қарсаңында өздерінің бір күндік жалақысының 50 пайызын ардагерлерге көмек көрсетуге аудару туралы шешім қабылдады. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деп аталатын бұл шара кезінде енді Алматы қалалық Соғыс ардагерлері кеңесінің есепшотына 4,3 миллион теңге аударылмақ.